
«Біздің ұстанымымыз – партияның ортақ басымдықтарын облыс тұрғындарының қажеттіліктерімен ұштастыру. Осыған байланысты мәслихат депутаттары өз өкілеттігі шегінде іске асырылуына ықпал етіп, орындалуын бақылай алатын нақты міндеттемелерді айқындаймыз». Дәл осындай жалынды сөзбен басталды Ескелді ауданы Көкжазық ауылының тұрғындарымен өткен кезекті кездесу. Бұл жолы ауыл тұрғындарына «Әділет» 2026-2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстырып, үгіт-насихат жүргізуге Жетісу облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Амангелді Есбай, аудандық мәслихат депутатығына кандидаттар Айдын Құрманғалиев пен Бақыт Досанов барды.
Мінберге алғаш көтерілген Амангелді Есбайдың айтуынша, сайлауалды бағдарлама партияның республикалық сайлауалды бағдарламасындағы тоғыз негізгі мақсатты облыстың ерекшеліктері мен басымдықтарын ескере отырып жүйелі түрде іске асыруға бағытталған.
– Жетісу облысы тұрғындары үшін қолжетімді тұрғын үй, сенімді коммуналдық қызметтер, сапалы ауызсу мен жол, тұрақты интернет, медициналық көмек пен сапалы білім, жаңа жұмыс орындары, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығын қолдау маңызды. «Әділет» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы осы мәселелерді шешуге, халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған, — деді спикер.
Ал, Айдын Құрманғалиев ауыл тұрғындарына сайлауалды бағдарламаның орта бизнесті дамыту және орта тапты нығайту, ауылдағы еңбектің табыстылығын арттыру, азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ өңірді жаңа экономиканың талаптары мен болашақ мамандықтарына дайындау бағыттарымен таныстырды.
– Біздің басты міндетіміз – халықты жайлы тұрғын үймен және заманауи инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, өмір сүру ұзақтығын арттыру, тұрақты жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейту, орта бизнесті дамыту және орта тапты нығайту, ауылдағы еңбектің табыстылығын арттыру, — деді кандидат.
Кездесу соңында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сауалдарын қойып, кандидаттардың сайлауалды тұжырымдамасына оң бағасын беріп, өз қолдауларын білдірді.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.