21 қараша күні Талдықорған қаласындағы «Жастар» Спорт сарайының аумағында Жетісу облысының тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
Жәрмеңкеге Талдықорған және Текелі қалаларының, сондай-ақ облыстың сегіз ауданының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысады.
Жәрмеңкеде ет және сүт өнімдері, шұжық, балық, қант, ұн, жарма, өсімдік және мал майлары, көкөністер, жеміс-жидектер, бал, ұлттық сусындар және басқа да азық-түлік түрлері ұсынылады. Барлығы 54 түрлі өнімнің жалпы көлемі 107,3 тонна болмақ.
Қала тұрғындары мен қонақтарын жәрмеңкеге келіп, жергілікті өндірушілердің балғын өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға және өңірдің ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне қолдау көрсетуге шақырамыз!
Күні: 2026 жылғы 21 қараша.
Өтетін орны: Талдықорған қаласы, «Жастар» Спорт сарайы.
Жетісу облысының ауыл шаруашылығы басқармасы
Иллюстрация жасанды интеллект көмегімен жасалған.