«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КАНДИДАТТАРЫ АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

«Әділет» партиясынан Жетісу облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Жанат Оспанов, Диас Инкибаев, Айдын Құрманғалиев, Қанат Сатанов және Расиқа Тұрған орталық аудандық аурухананың еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесудің негізгі мақсаты – партияның 2026–2031 жылдарға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасын таныстыру, оның басым бағыттары мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттерін түсіндіру.
Сонымен қатар кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген маңызды мәселелер талқыланды.
Жиында денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелеріне, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайына, халыққа көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударды.
Атап айтқанда, Жетісу облыстық мәслихат депутатына кандидат Диас Инкибаев партияның өңірлік сайлауалды бағдарламасында денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған нақты межелер белгіленгенін атап өтті. Оның айтуынша, медициналық қызметтерді цифрландыру мен телемедициналық технологияларды енгізу медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
– «Әділет» партиясы Жетісу облысында медициналық қызметтерді цифрландыру және телемедициналық технологияларды қолдану деңгейін 50 пайызға жеткізуді жоспарлап отыр. Сонымен қатар өңірдегі дәрігер тапшылығын қазіргі 97 маманнан 70 маманға дейін қысқарту міндеті қойылған. Бұл бастамалар медициналық қызмет сапасын арттырып, тұрғындардың білікті медициналық көмекке қол жеткізу мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған, – деді Диас Инкибаев.
Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатуға, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға және халықтың ұсыныс-пікірлерін тыңдауға мүмкіндік береді. Аурухана ұжымы да салаға қатысты ой-пікірлерін ортаға салып, кандидаттармен пікір алмасты.
Дайындаған: «Әділет» партиясы Жетісу облыстық филиалының баспасөз қызметі.
Тапсырыс беруші: Есбай А.Ғ.
Жетісу облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражатынан төленді.