Жетісу облысында табиғи газға қосу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары нарығына талдау басталды

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті (бұдан әрі -Департамент) тұтынушыларды табиғи газға қосу кезіндегі құрылыс-монтаждау жұмыстары қызметтерінің тауар нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне жоспардан тыс талдау жүргізуді бастады.

Талдау қамтылатын уақыт аралығы 2025 жыл мен 2026 жылғы 1 қазанға дейін белгіленді. Талдау жүргізудің географиялық шекарасы Жетісу облысының бүкіл аумағын қамтиды.

Талдау іс-шаралары Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 196-бабына және Тауар нарықтарындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізудің бекітілген әдістемесіне сәйкес жүргізілуде.

Жоспардан тыс талдауды бастауға баға белгілеуді және азаматтардың газдандыру қызметтеріне қол жеткізу шарттарын егжей-тегжейлі зерделеу қажеттілігі негізгі себеп болды.

Табиғи газға қосылу — Жетісу облысы тұрғындары үшін ең маңызды әлеуметтік қызметтердің бірі.

Осыған байланысты, ашық баға белгілеуді және барлық мердігер ұйымдар үшін тең бәсекелестік жағдайларды қамтамасыз ету -монополияға қарсы ведомствоның басым міндеті.

Жүргізілген жұмыстардың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері анықталған жағдайда, заңда көзделген тиісті ықпал ету шаралары қолданылатын болады.