Ел мерейін асқақтатқан ұлы күн

Республика күні – еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихи қадамын айқындайтын, мемлекетіміздің тұғырын нығайтқан ерекше мереке. Бұл күн – ата-бабамыздың азаттықты аңсаған арманы мен бүгінгі ұрпақтың жарқын болашағын жалғаған қастерлі күн.

Туған жердің қадірін білу, елдің бірлігін сақтау, тәуелсіздігімізді бағалау – әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бүгінде бейбіт өмір сүріп, ұрпағымыздың болашағына сеніммен қарауымыз – еліміздің басты байлығы.

Ескелді ауданы – береке мен бірлікті ту еткен, еңбексүйгіш халқы бар қасиетті мекен. Ауданымыздың өркендеуі, ауылдарымыздың көркеюі, жастарымыздың сапалы білім алып, үлкен жетістіктерге жетуі – бәрімізге ортақ мақсат. Туған өлкеміздің дамуына әрқайсымыз өз үлесімізді қосып, ел игілігі үшін адал еңбек етуіміз қажет.

Осы айтулы мерекеде барша жерлестеріме зор денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық пен береке тілеймін! Елімізде әрдайым тыныштық орнап, халқымыздың ынтымағы арта берсін. Тәуелсіздігіміз тұғырлы, егемендігіміз еңселі болсын!

Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін!

Қ.Тастанбаев,

Ескелді ауданының Құрметті азаматы