ЖҰМЫСТАР ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінгі күні Алматы облысы Ескелді ауданының Қарабұлақ ауылында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасымен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы қызу да қарқынды жүріп жатыр.

Қазіргі таңда денешынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп, аяқталуға жақын.

Құрылыстың сапалы жүргізілгені өте маңызды. Сол себепті, басқарма тарапынан құрылыс жұмыстарымен айналысып жатқан мердігерлерге қойылатын талап та жоғары. Жауапкершіліктің жүгін сезіне отырып, ортақ істің мүддесі үшін мердігерлер мен құрылысшылар тығыз қарым-қатынаста жұмыс атқаруда.

Нысанның жалпы сметалық құны 1091,2 млн. теңге бөлінген. Оның ішінде 2019 жылға 600,2 млн. теңге, ал ағымдағы жылға 364,0 млн. теңге бөлінген.

Бүгінгі күні жалпы бөлінген соманың 712,0 млн. теңгесі игерілді. Жоба бойынша сыйымдылығы 180 орындық. Спорттық нысан келісімшарт бойынша ағымдағы жылдың қазан айында пайдалануға берілуі тиіс. Салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындар үшін бұл құтты күн де алыс емес.