«Nur Otan» праймеризге қатысушыларды оқыту бағдарламасының іске қосылғанын хабарлайды!

Парламент Мәжілісіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы тиімді депутаттық корпусты одан әрі қалыптастыру, партиялық желі бойынша ілерілету, мемлекеттік органдардағы лауазымдарға ұсыну үшін бәсекелестік күрес негізінде нақты және мықты көшбасшыларды анықтау мақсатында ағымдағы жылғы 17 тамыз бен 3 қазан аралығында «Nur Otan» партиясының праймеризі өтеді.⠀
Праймериздің қағидаттары:
1) Жарылыспалылық – бәсекелестік сайлау, партияға жаңа мүшелерді тарту, партиялық кандидаттарды барынша даярлау;
2) Заңдылық – Қазақстан Республикалық заңдарын қатаң түрде сақтау;
3) Айқындылық – партиялық тізімдерді қалыптастырудың айқын, әділетті схемасы, субъективтік факторлардың әсерін төмендету;
4) Сайлау құпиясы – әрбір сайлаушының шешімі – оның жеке таңдауы, праймериздің барлық кезеңдерінде құпия дауыс беру қағидатын енгізу;
5) Диалог үшін ашықтық – пікірсайыс жүргізу, барлық ниеттенушілер үшін қоғамды дамыту мәселелерін талқылау мүмкіндігі
Кандидаттарды ұсыну:
1) партияның интернет-ресурсында ұсыну мерзімі басталғаны туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап басталады және республикалық Күнтізбелік жоспарға сәйкес өткізіледі;
2) кандидаттарды ұсыну бастауыш партия ұжымының атынан немесе өзін өзі ұсыну жолымен жүзеге асырылады. Кандидаттар бір облыс, қала, аудан шегінде ғана ұсыныла алады;
3) кандидаттар праймеризге қатысу үшін құжаттарды аумақтық ұйымдастыру комитеттеріне жеке өзі немесе партияның интернет-ресурсындағы ақпараттық жүйеде ұсынады.

Қажетті құжаттардың тізбесі:
— өтініш, онда мәслихат деңгейі не Парламенттің Мәжілісі көрсетіледі;
— жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі немесе құжаттар ақпараттық жүйеде берілген жағдайда, түпнұсқаның сканерленген көшірмесі;
— Соттылығының болуы немесе болмауы туралы анықтама;
— наркологиялық және психоневрологиялық ұйымдардан анықтамалар;
— осы Ереженің № 2 қосымшасына сәйкес міндеттемелерді қабылдайтыны туралы өтініш;
— бастауыш партия ұйымы (бастауыш партия ұйымынан ұсынылған кандидаттар үшін) жиналысының хаттамасы;
— партиялық билеттің көшірмесі (бар болған жағдайда).

«Nur Otan» партиясының ресми сайтында праймеризге қатысу бойынша ережесі жарияланды.
Төменгі сілтеме арқылы, қазақ және орыс тліндегі ережесімен таныссаңыз болады.
https://nurotan.kz/primaryze?lang=ru
https://nurotan.kz/primaryze?lang=kz