Ескелді ауданының полиция бөлімінде қоғамдық-тұрмыстық, зорлық-зомбылықтың алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіп төнген жағдайда жедел көмекке жүгіну жолдарын түсіндіру мақсатында «Қауіпсіздік коды» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді

Іс-шара барысында тұрғындарға отбасылық жанжалдардың алдын алу, зорлық-зомбылыққа жол бермеу және қауіпсіздік шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, ақпараттық брошюралар таратылды.

Қажетті жағдайда:
102 – полиция;
111 – балалар мен отбасы мәселелері бойынша байланыс орталығы;
150 – ұлттық сенім телефоны.

Қауіпсіздік – әр адамның ортақ жауапкершілігі.

Қиын жағдайға тап болсаңыз, көмек сұраудан тартынбаңыз!