20 ЖЫЛ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН МӘДЕНИЕТ ҮЙІ ЖАҢАРУДА

«Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы​ шеңберінде​ Ескелді ауданына 3 млрд 22 млн 685 мың теңге бөлінген. Жалпы аудан бойынша жоспарланған 59 жоба іске аспақ. Осы ​ жобалардың ішінде ең ауқымдысы Бақтыбай ауылдық округінде орналасқан мәдениет үйінің күрделі жөндеуден өтуі.
_
20 жыл бойы қаңырап, көрермендердің көзайымынан шет қалған мәдениет үйіне «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 864,6 млн.теңге бөлінген.
Ауыл тұрғындарының көптен күткен арманы орындалды. Алдағы уақытта ауыл жастарының бос уақытын тиімді өткізу мақсатында жаңарған мәдениет үйінде көптеген үйірмелер ұйымдастыру жоспарлануда.