Өтетін уақыты: 17 қыркүйек 2026 жыл
Өтетін орны: Ескелді ауданы, Қарабұлақ ауылдық округінің әкімдігі.
«Елдесу және татуласу» республикалық жобасы аясында және қоғамдық медиаторлардың қызмет тиімділігін арттыру, ықтимал жанжалдардың алдын алу тетіктерін жетілдіру, қоғамдық келісім мен этносаралық тұрақтылықты нығайту, сондай-ақ халықпен жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарындағы медиаторлардың рөлін күшейту мақсатында Ескелді аудандық әкімдігінің реестрінде тіркелген қоғамдық медиаторлармен көшпелі кездесу ұйымдастырылды.
Шараны «Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ басшысы — Бейтек Жасұлан Абдықадырұлы ашып, жүргізді.
Кездесу барысында «Қоғамдық келісім» КММ Талдау және медиация бөлімінің басшысы Махмет Айбүбі Қанатбекқызы қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайтуға, дауларды бейбіт жолмен шешу мәдениетін қалыптастыруға, медиация институтының әлеуетін арттыру қажеттілігіне тоқталды.
Сонымен қатар, нақты аталған бағытта қоғамдық жұмыспен айналысатын қоғамдық медиаторларға ревизия жүргізіп, олардың негізгі бағыттары, әлеуметтік, тұрмыстық және этносаралық сипаттағы жанжалдардың алдын алу, туындауы мүмкін жанжалдарды ерте анықтау және тиімді реттеу жолдары туралы толықтай талқыланды.
Кездесу соңында қоғамдық медиаторлар келешек уақыттағы жұмысты жүйелеу, облыстиағы медиация институтын дамыту мен жетілдіруге бағытталған Google сауалнамадан өтіп, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді.
Медиация – қоғамдағы келісім мен өзара түсіністікті қалыптастыратын маңызды құрал.
#ЕлдесуЖәнеТатуласу
#Медиация
#ҚоғамдықКелісім
#ЖетісуОблысы
#БірлікПенКелісім