Конституциялық Сот еңбек құқықтарын сот арқылы қорғауға қатысты маңызды шешім қабылдады

Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 12 маусымдағы №88-НҚ нормативтік қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің және Азаматтық процестік кодексінің жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігі қаралды.
Конституциялық Сот Еңбек кодексінің 160-бабы бесінші бөлігінің бірінші және екінші абзацтарын келісу комиссиясына жүгінбей, тікелей сотқа жүгінуге құқығы бар жұмыскерлер үшін жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша сотқа жүгінудің үш айлық мерзімін белгілеу бөлігінде Конституцияға сәйкес емес деп таныды.
Конституциялық Сот жұмыстан шығарудың жұмыскер үшін елеулі құқықтық, материалдық және әлеуметтік салдарларға әкеп соғатынын атап өтті. Осыған байланысты жұмысқа қайта алу туралы даулар бойынша сот арқылы қорғалу мүмкіндігі жеткілікті деңгейде қамтамасыз етілуге тиіс.
Осыған орай, Еңбек кодексіне тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін аталған санаттағы жұмыскерлердің жұмысқа қайта алу туралы даулары бойынша сотқа жүгіну мерзімі бір жыл болып есептеледі. Бұл ретте Еңбек кодексінің 160-бабы бесінші бөлігінің үшінші абзацы басшылыққа алынады.

Ескелді ауданының прокуратурасы