ҚҰРМЕТТІ БАЛАУСА БАЛҒЫНДАР! ҚҰРМЕТТІ АТА-АНАЛАР!

Сіздерді 1 маусым – балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Жаздың бірінші күніне дәл келетін балаларды қорғау күні – халықаралық мерекелердің бірі. Оны бүкіл әлемде 1950 жылдан бастап атап өтеді.
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт – ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала – елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы. Қай мемлекетте болсын, бала тәрбиесіне көңіл бөлетіні сөзсіз. Өйткені, бүгінгі өскелең ұрпақ – елдің ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтары.
Балалық шақ – бұл ең бақытты және алаңсыз кезең. Осы тұста біз әрбір сәбидің тыныштығын қорғап, тәтті ұйқысын бұзбай, алаңсыз күлкісін тоқтатпауымыз керек.
Бар жақсылығын жас өскелең ұрпаққа көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі, саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын мемлекеттің болашағы да жарқын болары сөзсіз.
«Балалы үй – базар» демекші, жүзімізді жадыратып, жүректегі мұзды ерітетін сәбилеріміздің сыңғыр күлкісі әр шаңырақта үзілмесін.
Биыл еліміздегі төтенше жағдайға байланысты ешқандай мерекелік шаралар аталып өтілмейді. Соған сәйкес, бүлдіршіндер мен ата-аналардың осы жағдайға түсіністікпен қарап, үйден шықпағаны бәрімізге дұрыс шешім болады.
Барлығыңызға ашық аспан, бейбіт өмір, сәбилерге бақытты балалық шақ, әрқашан да сыңғырлаған күлкі тілеймін!
Ізгі ниетпен,
аудан әкімі Рауан РАҚЫМБЕКОВ.