28.08.2026 жылы Ескелді ауданында «Заң мен Тәртіп» идеологиясы аясында «Құқықтық дәріхана» акциясы өткізілді

Тұрғындарға құқықтық кеңес беру мақсатында ұйымдастырылған іс-шараға аудан прокуратурасы, Жетісу облысы бойынша Адам құқықтары және Бала құқықтары жөніндегі уәкілдердің өкілдері, жергілікті атқарушы органдар, полиция, пробация қызметі, Мансап және Отбасын қолдау орталықтары, адвокат, жеке сот орындаушысы, Отбасы банк және өзге де ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелер бойынша тиісті сала мамандарына тікелей жүгініп, құқықтық кеңестер мен қажетті түсіндірмелер алды.
Аталған акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдармен ашық диалог орнатуға, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.