Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржылай қолдау көрсетуді күшейтіп, қаржы ресурстарының қолжетімділігін арттыруға бағытталған шаралар кешенін жүзеге асырып жатыр.

🟦Қолдау көрсетудің негізгі тетіктерінің бірі – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын дер кезінде қаржыландыруға бағытталған «Кең дала» және «Кең дала 2» жеңілдетілген несие беру бағдарламалары.

🟦Биыл бұл мақсатқа шамамен 750 млрд теңге бөлінді. Оның 657,7 млрд теңгесі қазірдің өзінде игерілді. Қаржыландыруды 5,6 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші алып, нәтижесінде 7,7 млн гектар егістік алқап қамтылды.