2026 жылғы 09 шілде күні «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы мен «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Ескелді ауданының Жалғызағаш ауылында ведомствоаралық мобильді топтың қатысуымен кезекті рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Рейд барысында жеке тұлғалар мен шағын кәсіпкерлік субъектілеріне елді мекен аумағын таза ұстау, абаттандыру қағидаларын сақтау және қоғамдық орындарда тазалық мәдениетін қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Өткізілген іс-шараның нәтижесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес 1 жеке тұлғаға және 1 шағын кәсіпкерлік субъектісіне қатысты №263336030005258 және №263336030005256 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар толтырылды. Аталған құқық бұзушыларға әкімшілік жауапкершілік шарасы ретінде ескерту түріндегі жаза қолданылды.

09 июля 2026 года в рамках реализации республиканской программы «Таза Қазақстан» и принципа «Закон и порядок» в селе Жалгызагаш Ескельдинского района при участии членов межведомственной мобильной группы было организовано очередное рейдовое мероприятие.

В ходе рейда с физическими лицами и субъектами малого предпринимательства была проведена разъяснительная работа по вопросам содержания территории населённого пункта в чистоте, соблюдения правил благоустройства и формирования культуры чистоты в общественных местах.

По результатам проведённого мероприятия в соответствии со статьёй 505 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях в отношении 1 физического лица и 1 субъекта малого предпринимательства были составлены протоколы об административных правонарушениях №263336030005258 и №263336030005256. К правонарушителям применена мера административного взыскания в виде предупреждения.