Ескелді ауданында Мемлекеттік Ту тұғырын көтеру рәсімі өтті

4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай Ескелді ауданында Мемлекеттік Ту тұғырын көтеру салтанатты рәсімі өтті.

Мерекелік шараға мемлекеттік қызметкерлер, мекеме қызметкерлері, жастар және аудан тұрғындары қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындап, Ту көтеру рәсіміне куә болды.

Мемлекеттік Ту – еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің, бірлігі мен татулығының басты нышаны. Көк байраққа құрмет көрсету арқылы тұрғындар Отанға деген сүйіспеншіліктері мен патриоттық сезімдерін білдірді.

Салтанатты жиында мемлекеттік рәміздердің маңызы туралы айтылып, олардың әрбір азамат үшін қастерлі құндылық екені атап өтілді. Рәміздер – елдігіміздің айғағы, ұлт мақтанышы және болашақ ұрпаққа аманат болып табылатыны жеткізілді.

Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті арттыруға ықпал етеді.

Көк байрағымыз әрдайым биікте желбіреп, Тәуелсіз Қазақстанның мәртебесі асқақтай берсін!