Қадірлі жамағат! Ардақты ағайын!

Баршаңызды адамзат баласын ізгілікке, мейірім мен бауырмалдыққа үндейтін қасиетті Құрбан айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрбан айт – мұсылман үмбетінің ынтымағы мен бірлігін арттыратын, жүректерге иман нұрын себетін ұлық мейрам. Бұл күндері халқымыз ата-баба дәстүрін жаңғыртып, мұқтаж жандарға қол ұшын созып, ағайын-туыспен арадағы сыйластықты нығайтады. Құрбан шалу арқылы Алла Тағалаға жақындап, шүкіршілік пен сабырдың, кеңпейілділік пен жанашырлықтың үлгісін көрсетеміз.

Қасиетті айт мерекесі – татулық пен берекенің, кешірім мен мейірімнің мерекесі. Осындай рухани маңызы зор күндерде жасаған барша ізгі амалдарымыз, дұға-тілектеріміз қабыл болғай. Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін.

Алла Тағала еліміздің тыныштығын, жұртымыздың бірлігін нығайтып, әр отбасына қуаныш пен шаттық нәсіп етсін. Құрбандықтарыңыз, дұға-тілектеріңіз қабыл болып, дендеріңізге саулық, істеріңізге береке берсін!

Қасиетті Құрбан айт мерекесі құтты болсын!

Айт қабыл болсын!

Архынов Айдос Кәкенұлы,

Ескелді ауданының бас имамы.