«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ескелді ауданы мектептерінің түлектері мектеп аумақтарына гүл көшеттерін отырғызып, туған білім ордаларының көркеюіне өз үлестерін қосты

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында Ескелді ауданы мектептерінің түлектері мектеп аумақтарына гүл көшеттерін отырғызып, туған білім ордаларының көркеюіне өз үлестерін қосты. Бұл шара — жас ұрпақтың туған жерге, қоршаған ортаға деген жанашырлығы мен жауапкершілігінің жарқын көрінісі.

Аталған игі бастамаға аудандық білім бөлімінің басшысы Алмас Құдайбергенұлы қатысып, түлектермен бірге мектеп ауласын көгалдандыру жұмыстарына атсалысты.

Түлектер үшін бұл тек гүл отырғызу емес, өздері білім алған мектепке деген алғыс пен құрметтің белгісі болды. Бүгін егілген әрбір гүл мен көшет — ертеңгі жарқын болашақтың, тазалық пен тәрбиенің символы.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі