ЕҢСЕМІЗ ЕЛ ТІРЕГІМЕН ӘРҚАШАН ТІКТЕУЛІ

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев індетпен күресу жолында еліміздің болашағы үшін осымен неше мәрте батыл шешімдер қабылдауда. Төтенше жағдайға мәжбүр болған, әлемдегі экономикалық дағдарыстың салқынын халқына сездірмеу бағытында осы кезге дейін қыруар қаражат бөлінуде.
Бүгінгі таңда халыққа әлеуметтік қолдау көрсету жан-жақты жүргізіліп жатыр. Дәл осы кезде, осының бәрі халыққа үлкен қолдау. Ел-жұрт Елбасы мен Мемлекет басшысының қолдауын сезінді.
Міне, осындай жағдайда халықтың барлық әлеуметтік тобы Президент қабылдаған қолдау шараларының ішінен әрқайсысы өзіне тиесілі, әрі нақты айқындалған қолдауларын алды, және жасалынып жатқан осындай жағдай үшін Мемлекет басшысына алғысымыз шексіз.
Бимұрат БОРАНБАЕВ,
Аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы.