Жастар – елдің болашағы, қоғамның қозғаушы күші. Әр мемлекеттің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тәрбиесіне, біліміне және өмірлік ұстанымына байланысты. Сондықтан жастардың бойында жауапкершілік сезімі жоғары болуы өте маңызды.
Қазіргі таңда жастар түрлі ақпарат пен ықпалға тез беріледі. Кейбіреулері қызығушылықпен немесе ортаның әсерімен зиянды әдеттерге бой алдырып жатады. Алайда мұндай әрекеттер олардың болашағына үлкен зиян тигізеді. Есірткі, темекі, алкоголь сияқты жаман әдеттер адам денсаулығын бұзып қана қоймай, оның өмір жолын да өзгертеді.
Жауапкершілікті жас өз өмірінің құндылығын түсінеді. Ол уақытын босқа өткізбей, білім алуға, өзін-өзі дамытуға, қоғамға пайда келтіруге ұмтылады. Мұндай жастар елдің дамуына үлес қосып, жарқын болашақтың негізін қалайды.
Салауатты өмір салтын ұстану – әр жастың міндеті. Спортпен айналысу, дұрыс тамақтану, жақсы орта таңдау – табысты өмірдің кепілі. Сонымен қатар ата-ана мен қоғам да жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетуі қажет.
Қорытындылай келе, жастар – ел тірегі. Олар өз өміріне жауапкершілікпен қарап, дұрыс таңдау жасаса ғана қоғам алға басады. Болашақтың жарқын болуы – бүгінгі жастардың қолында.