Мәдениет саласы қызметкерлерінің құқықтық білімін жетілдіру мақсатында «Құқықтық сауаттылық – заман талабы» атты ақпараттық кездесу ұйымдастырылып, жоғары деңгейде өткізілді.
Іс-шара барысында қатысушыларға құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы рөлі мен маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, қолданыстағы заңнамаларға енгізілген өзгерістер, азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттері, еңбек қатынастары, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың салдары туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Кездесу барысында спикерлер нақты мысалдар келтіріп, күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық мәселелерді түсіндірді. Сонымен қатар, мәдениет қызметкерлерінің кәсіби қызметінде туындайтын құқықтық сұрақтар да назардан тыс қалмады.
Шараның маңызды бөлігі – ашық диалог алаңы болды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты әрі толыққанды жауаптар алды. Бұл өз кезегінде олардың құқықтық білімін арттыруға және заң талаптарын дұрыс түсінуге мүмкіндік берді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – мәдениет қызметкерлерінің құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң талаптарын сақтауға баулу және қоғамда құқық бұзушылықтардың алдын алуға үлес қосу.