Бүгін елімізде өтіп жатқан референдум аясында Жалғызағаш ауылы тұрғындары жоғары белсенділік танытуда

Таңертеңнен бастап ауыл азаматтары дауыс беру учаскесіне келіп, өз таңдауларын жасап, маңызды қоғамдық-саяси науқанға атсалысуда.

Тарихи отанымызға оралған азаматтар дауыс беріп, ел болашағына қатысты пікірлерін білдірді. Олар мұндай маңызды шараға қатысу әрбір азаматтың азаматтық борышы екенін атап өтті. Тұрғындардың айтуынша, референдум – халықтың өз ой-пікірін білдіріп, ел дамуына ықпал ететін маңызды демократиялық тетік.
Ауыл тұрғындары дауыс беру арқылы қоғамдағы өз жауапкершіліктерін сезінетінін айтып, барша азаматтарды белсенді болуға шақырды. “Маңызды қоғамдық-саяси шараға қатысу — әрбір азаматтың міндеті. Әрқайсымыздың дауысымыз елдің болашағына әсер етеді”, — дейді олар.
Сондай-ақ жалғызағаштықтар ауыл тұрғындарын уақыт тауып, дауыс беру учаскесіне келіп, референдумға қатысуға үндеді. Олардың пікірінше, ел тағдырына бейжай қарамай, өз таңдауыңды жасау – нағыз азаматтық ұстанымның көрінісі.