Ескелді ауданы аумағындағы №117 референдум учаскесіне 80 жастан асқан әже арнайы келіп, өз дауысын берді. Жасы үлкен болса да, ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалмай, азаматтық борышын орындауы көпшілікке үлгі болды.
Әже таяғына сүйеніп келіп, белгіленген тәртіп бойынша бюллетень алып, дауыс беру жәшігіне салды. Бұл – аға буын өкілдерінің ел болашағына бейжай қарамай, жауапкершілікпен қарайтынын көрсететін жарқын көрініс.
Учаскедегі комиссия мүшелері қарияға қолайлы жағдай жасап, дауыс беру рәсімінің талапқа сай өтуіне көмектесті. Мұндай сәттер қоғамда үлкендердің белсенділігі мен өнегесінің маңызын айқын аңғартады.
Аға буын өкілдерінің амандығы мен ақ батасы – ел үшін үлкен қазына. Қарияларымыз аман болсын!