Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықты арттыру, сондай-ақ Конституциялық құндылықтарды дәріптеп, жастардың азаматтық белсенділігін күшейту болып табылады.
Жарысқа ауданның түрлі елді мекендерінен жиналған жастар командалары қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Қатысушылар футбол алаңында тек спорттық шеберліктерін ғана емес, командалық бірлікті, ұйымшылдықты және жеңіске деген жігерді де көрсете білді.
Шара барысында қатысушыларға еліміздің Конституциясының маңызы, оның қоғамдағы рөлі және әрбір азамат үшін маңыздылығы туралы қысқаша ақпарат берілді.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік ойын көрсеткен командалар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.
Осындай іс-шаралар жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, спортпен тұрақты айналысуына және патриоттық рухты қалыптастыруға оң ықпал етеді.