ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ РЕЖИМІНІҢ ЕНГІЗІЛУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ АУДАН ӘКІМІ Р.РАҚЫМБЕКОВТЫҢ ТҰРҒЫНДАРҒА ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!
Коронавирус пандемиясына байланысты барлық өңір-лерде төтенше жағдай режимі енгізілді. Оқушылар мен студенттер үйде отырып онлайн режимде оқып жатыр. Медицина қызметкерлері барлық жолаушылардың температурасын арнайы құрылғымен өлшеуде, ал қоғамдық көліктер күнделікті дезинфекциядан өтеді. Барлық азаматтар үйден шықпай және жоспарланған сапардан бас тартуға міндетті.
1 сәуірден бастап Ескелді ауданында санитарлық посттар орнатылды. Бұл посттарда полиция қызметкерлері мен Тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының қызметкерлері және медицина қыз-меткерлері әрбір жолаушының дене қызуын арнайы тепловизормен тексеруде.
Әрбір адам гигиена сақтап, медициналық бетперде тағып, антисептик пайдалануы қажет. Адамдар көп жиналатын жерлерден аулақ болыңыз. Өзіңізді, жақындарыңызды және айналаңыздағы адамдарды тәуекелге тартпаңыз.
Жеке басыңыздың және жақындарыңыздың саулығы үшін қарапайым ережелердің барлығын сақтаңыздар.
Індеттің алдын алу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда. Сіздерден сабыр сақтауларыңызды сұраймыз.
Осынау қиын-қыстау күндері елімізге бірлік, әр отбасына амандық тілеймін!