Елімізде жарияланған төтенше жағдай аясында 31 наурыздан 1 сәуірге қараған түні 24.00-ден бастап Ескелді ауданында бірқатар шектеулер енгізілді.
Алдабергенов және Шымыр ауылдарынан қалаға шығатын жол-дарға санитарлық бекеттер орнатылды. Бұл жерде ТКҚСҚББ-ның мамандары, денсаулық сақтау және полиция саласының қызметкерлері өз жұмыстарын тыңғылықты түрде атқаруда.
Осы режимнің алғашқы күнінде Қарабұлақ ауылдық округіне өтіп жатқан көліктер көп. Олардың әрқайсысы тек-серіліп, адамдардың ыстығы өлшенуде.
Шектеуге мән бермей, тәртіпке бағынбайтын азаматтар бекітілген тәртіп бойынша әкімшілік жауаптан қылмыстық жауапқа дейін тартылады. Аталып өткен шектеулерге бәріміз бірауыздан жауапкершілікпен қарайық!
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.