Ескелді ауданында «Заң мен тәртіп» идеологемасы аясында кездесу өтті

Қарабұлақ ауылында «Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында мазмұнды кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шараға үкіметтік емес ұйым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, белсенді жастар мен ауыл тұрғындары қатысты. Кездесу барысында заң талаптарын сақтау, құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілікті арттыру мәселелері жан-жақты талқыланды.

Қатысушылар өзара пікір алмасып, құқықтық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, жастар арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүйелі жүргізу, отбасы мен қоғамдағы тәртіп құндылықтарын насихаттау бағытында ұсыныстар айтылды.

Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық білімін арттырып қана қоймай, қоғамдағы тұрақтылық пен заң үстемдігін нығайтуға өз үлесін қосады.