МОНОПОЛИЯҒА ҚАРСЫ ОРГАННЫҢ НҰСҚАМАСЫ ОРЫНДАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті мемлекеттік кәсіпорындардың қызметіне мониторинг жүргізді.

Мониторинг қорытындысы бойынша «Жетісу облысының білім басқармасы» ММ-нің «Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжі» ШЖҚ МКК-ның жарғылық қызмет түрлері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №1095 қаулысына сәйкес келмегені анықталды, бұл бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы болып табылады.

Осыған байланысты Департамент тарапынан анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама шығарылды. Қазіргі уақытта нұсқама толық көлемде орындалды.