Аудандық мәдениет үйінде маңызды кездесу өтті

Аудандық мәдениет үйінде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Іс-шараның басты мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелерін кеңінен талқылау болды.

Дөңгелек үстел барысында мамандар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның салдары және алдын алу жолдары туралы ақпарат берді. Атап айтқанда:
▪️ психологиялық қысым
▪️ экономикалық тәуелділікке мәжбүрлеу
▪️ физикалық күш көрсету
▪️ киберқудалау

Сонымен қатар қолданыстағы заңнама аясында құқық қорғау тетіктері түсіндіріліп, қиын жағдайға тап болған азаматтарға көрсетілетін көмек түрлері мен арнайы қызметтердің байланыс нөмірлері таныстырылды.

Қатысушылар өз пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды. Ашық форматтағы еркін диалог қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылауға және бірлескен шешімдер қабылдауға мүмкіндік берді.

Мұндай шаралар – қауіпсіз, әділетті әрі зорлық-зомбылықсыз қоғам қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.