Бүгін аудандық Жастар ауылындағы Көксу ауылшаруашылық колледжінде колледж ұжымы мен студенттерінің қатысуымен маңызды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға аудандық ақпараттық штаб мүшелері қатысып, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылау бойынша мазмұнды пікір алмасу жүргізілді.
Кездесудің басты мақсаты – Конституция жобасындағы негізгі өзгерістерді түсіндіру, оның қоғам өміріндегі маңызын ашып көрсету және жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.
Жиын барысында мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған нормалар жан-жақты талқыланды. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі тұшымды жауаптар алды.
Осындай ашық форматтағы кездесулер жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және ел болашағына бейжай қарамауына ықпал етеді.
