Ескелді аудандық кітапханасында еңбек ұжымымен кездесу өтті

Бүгін аудандық кітапханада «Конституциялық реформа: қоғамдық диалог» тақырыбында маңызды кездесу ұйымдастырылды.

Кездесу барысында аудандық ақпараттық штаб мүшелерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын талқылауға арналған мазмұнды пікір алмасу өтті. Іс-шараның басты мақсаты – Конституция жобасындағы негізгі өзгерістерді түсіндіру, оның қоғам өміріндегі маңызын ашып көрсету және азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру болды.

Кездесу кезінде жаңа Конституция жобасының басты бағыттары, мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге бағытталған нормалар жан-жақты талқыланды. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты әрі тұшымды жауаптар алды.