Қазақстан Республикасындағы сайлау – азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуын және билік органдарын қалыптастыруды қамтамасыз ететін демократияның маңызды институты. Дәл сайлау арқылы әрбір азаматтың өз еркін еркін әрі саналы түрде білдіру, елдің болашағына ықпал ету жөніндегі конституциялық құқығы жүзеге асырылады.
Дүниежүзілік сайлау күні аясында Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы халықтың, әсіресе жастардың құқықтық мәдениетін арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.
Маңызды іс-шаралардың бірі Қарабұлақ орта мектебінде өткен ситуациялық жекпе-жек болды. Іс-шара барысында учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері әртүрлі сайлау жағдайларын тәжірибе жүзінде талдап, шешім қабылдауды және өз ұстанымдарын дәлелдеуді үйренді.
Қоғамдық пікірді зерделеу мақсатында «Жастар дауысы» атты көшпелі сауалнама ұйымдастырылып, оның барысында аудан тұрғындары сайлауға деген көзқарастары мен оған қатысудың маңыздылығы жөніндегі пікірлерімен бөлісті.
Көксу ауылшаруашылық колледжінде «Не? Қайда? Қашан? Сайлау туралы» интеллектуалдық ойыны өтіп, жас мамандарға Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі бойынша білімдерін ойын түрінде тексеріп, тереңдетуге мүмкіндік берді.
Инклюзивтілік мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Мүгедектігі бар адамдар мен қозғалысы шектеулі азаматтардың дауыс беруге қатысуы үшін жасалған жағдайларды бағалау мақсатында «Кедергісіз таңдау» тақырыбында сайлау учаскесінің қолжетімділігіне аудит жүргізілді.
Барлық іс-шаралар «Ұрпақтар диалогы» атты қорытынды кездесумен аяқталды. Кездесу барысында әртүрлі буын өкілдері сайлаудың қоғамдағы рөлін, азаматтық құндылықтардың сабақтастығын және әр азаматтың ел болашағы алдындағы жауапкершілігін талқылады.
Өткізілген іс-шаралар құқықтық сананы қалыптастыруға, сайлау жүйесіне деген сенімді нығайтуға және ауданда белсенді азаматтық қоғамды дамытуға елеулі үлес қосты.
Ескелді аудандық аумақтық сайлау комиссиясы