ЕЛ БОЛАШАҒЫНА СЕНІМ

Президенттің Жолдауы – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжат. Биылғы «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қасым-Жомарт КЕМЕЛҰЛЫ білім беру сапасын арттыру, ұстаз мәртебесін көтеру және адам капиталына инвестиция салудың маңыздылығы туралы нақты айтты.

Президентіміздің: «Ұлттық болмысымызды сақтау – білімді әрі жауапты ұрпақ тәрбиелеуден басталады» деген сөзі мен үшін де, әріптестерім үшін де бағдаршам іспетті. Мұғалім тек білім беруші емес, елдің болашағын қалыптастырушы тұлға. Ал білім мен тәрбие беру ісінде сапа басты назарда болу керек. Жолдауда ауыл мектептері мен педагогтерге қолдау көрсетілетіні, шалғай аймақтардағы білім беру инфрақұрылымын дамыту көзделгені – елдегі білім беру теңсіздігін азайтуға жасалған маңызды қадам деп есептеймін. Сонымен қатар, білім сапасын бағалаудың әділетті жүйесін құру мен мұғалімдердің кәсіби дамуына басымдық беру туралы бастамалар – білім саласының болашағына сенім ұялатады. Білім саласының майталманы ретінде мен бұл Жолдауды толығымен қолдаймын. Жолдауда айтылған әр бастама ел ертеңінің жарқын болуына бағытталған. Ұстаз ретінде менің парызым – сапалы білім беру ғана емес, адалдыққа, отансүйгіштікке баулып, елжанды ұрпақ тәрбиелеу. Президентіміздің тапсырмаларын іске асыруға өз үлесімді қосу мен үшін абырой.

Әйгерім ӘЛМҰХАМБЕТ,
Күреңбел қазақ орта мектебінің педагог-ұйымдастырушысы
Кербұлақ ауданы