📌Ескелді ауданында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының көшпелі отырысы өтті. Жиынға Жетісу облыстық мәслихатының төрағасы, облыстық саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері, бөлім басшылары мен бастауыш партия ұйымдарының төрағалары қатысты.
🔹Көшпелі отырыстың күн тәртібінде үш негізгі мәселе қаралды.
📝Бірінші мәселе – Ескелді аудандық сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы мен 2025 жылға арналған Жол картасындағы көрсеткіштердің жүзеге асырылуы туралы болды. Бұл бағытта аудан әкімі Ахметов Елдос Тұрсынбайұлы баяндама жасап, негізгі атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларға тоқталды.
- Оның айтуынша, 2023–2027 жылдарға арналған «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасы аясында барлығы 75 іс-шара қарастырылған. Соның ішінде 2025 жылы 64 іс-шараны жүзеге асыру жоспарланса, қалған 11-і келесі жылдарға межеленген – дейді аудан әкімі.
🔹Сонымен қатар, жиын барысында аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшелері мен мәслихат депутаттарының жыл басынан бері атқарған жұмыстары қаралды. Талқылау барысында халықпен кері байланыс орнату, сайлауалды уәделердің орындалуын бақылау және әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешу бойынша бірқатар ұсыныстар мен ескертпелер айтылып, нақты тапсырмалар берілді.
🔹Отырыс аясында «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауына байланысты баяндама жасады.
📍Ол өз сөзінде Жолдауда белгіленген стратегиялық міндеттерді өңірлерде тиімді жүзеге асыруда партияның белсенді рөлі мен партиялық бақылауды күшейтудің маңыздылығын атап өтті.