«AMANAT» партиясы Ескелді ауданында бірлескен отырыс өткізді

🔹3 желтоқсан күні «AMANAT» партиясы Ескелді аудандық филиалының Саяси Кеңес Бюросы, Ескелді аудандық мәслихатындағы партияның депутаттық фракциясы және партиялық бақылау комиссиясы бірлескен отырыс өткізді.
Жиын барысында күн тәртібіне бірқатар маңызды мәселелер енгізілді. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, ауылдық инфрақұрылымды дамыту және елді мекендердегі өзекті проблемаларды шешу бағытындағы жұмыстар қаралды. Сонымен қатар аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан партиялық жобалардың тиімділігі мен алдағы міндеттері талқыланды.

🔶Партиялық бақылау комиссиясы өткен кезеңде атқарылған жұмыстар бойынша есеп беріп, бақылау шараларының нәтижелерін таныстырды. Комиссия өкілдерінің айтуынша, бірқатар әлеуметтік нысандарда жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының сапасы мен мерзіміне қатысты мониторинг жалғасып келеді.

🔸Ал депутаттық фракция мүшелері өз сайлау округтеріндегі жағдаймен бөлісіп, тұрғындар көтерген мәселелерді ортаға салды.
Отырыстың қорытындысында партиялық құрылымдар арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, жергілікті атқарушы органдармен тығыз жұмыс істеу және халықпен кері байланысты нығайту қажеттігі атап өтілді.