Апта басында аудан әкімі Рауан Рақымбеков «Nur Otan» партиясымен бірлесіп Ескелді аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Негізінен азаматтар тұрғын үй, туристік жобаларды жүзеге асыру үшін жер беру, экономикалық дауларды шешу сияқты мәселелермен келіп, өздерінің сұрақтары мен ұсыныстарын білдірді.
Қабылдау барысында аудан басшысы тұрғын үй мәселесі тиісті заңнамамен реттелетіндігін, сонымен қатар пәтер бөлу кезегін ілгерілету белгіленген тәртіп пен ережелерге сәйкес қатаң түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Қабылдау кезінде көтерілген мәселелер бақылауға алынып, тиісті тұлғаларына тиісті тапсырмалар берілді.
Ақбота ОРАЛБЕКОВА.