Ескелді аудандық мәслихатында «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезектен тыс отырысы ұйымдастырылды. Жиынға фракция мүшелері қатысып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелерді талқылады.
Отырыс барысында фракция жетекшісінің орынбасары күн тәртібіндегі мәселелердің маңыздылығына тоқталып, партия бағдарламасында көзделген басым бағыттарды іске асыруда бірлесіп жұмыс істеудің қажеттігін атап өтті.
Салықтық жеңілдіктерді енгізу мәселесі қаралды
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе – Ескелді ауданы бойынша жаңа «оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режимі» шеңберінде жеке табыс салығы мен корпоративтік табыс салығы ставкасын төмендету туралы ұсыныс болды.
Депутаттар бұл бастаманың өңірдегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға айтарлықтай ықпал ететінін атап өтті. Салықтық мөлшерлемелерді төмендету кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесін азайтып қана қоймай, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және экономикалық белсенділіктің артуына мүмкіндік беретіні айтылды.
Талқылаулардан кейін фракция мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бірауыздан шешім қабылдады. «AMANAT» партиясының депутаттық фракциясы алдағы уақытта да ауданның өркендеуіне бағытталған ұсыныстар мен бастамаларды қолдауға дайын екендігін жеткізді.