Ескелді ауданында оңайтылған декларация негізінді арнаулы салық режимін қолдау кезінде салық мөлшерлемесініғ мөлшерін төмендету туралы

1НҚА жобасының атауы (НҚА түрін көрсете отырып)«Ескелді ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін  төмендету туралы»
2Әзірлеуші мемлекеттік орган«Ескелді ауданының кәсіпкерлік  бөлімі» ММ
3НҚА жобасын әзірлеу үшін негіздер (тиісті НҚА немесе тапсырмаға сілтеме жасай отырып (бар болса)Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII  ҚР «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 726-бабына сәйкес
4НҚА жобасының қысқаша мазмұны, негізгі ережелердің сипаттамасыАрнаулы салық режимін оңайлатылған декларация негізінде қолданған кезде, салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңі үшін өз бетінше мөлшерлемені қолдану арқылы есептейтін, төлем көзінен ұсталған салықтарды қоспағанда, корпоративтік немесе жеке табыс салығының мөлшерлемесі Ескелді ауданы бойынша 4 (төрт) пайыздан 3 (үш) пайызға төмендетілсін.  
5Күтілетін нәтижелердің нақты мақсаттары мен мерзімдеріМақсаты: кәсіпкерлік субъектілері үшін салық жүктемесін азайту; Мерзімдері: Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
6НҚА жобасы қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге де салдарЖобаны қабылдау теріс әлеуметтік және / немесе экономикалық салдарға әкелмейді.