ЖҮЙРІК БОЛСАҢ, ОЗЫП КӨР

Ағымдағы жылдың 6 ақпан күні аудандық жастар ресурстық орталығы, Бақтыбай ауылдық округінің әкімдігі С.Сейфуллин атындағы орта мектебінде жастар ісі жөніндегі әдіскер нұсқаушысы А.Ешмұханбетова, спорт жөніндегі әдіскер нұсқаушысы А.Сейдахмет пен дене тәрбиесі мұғалімінің ұйымдастыруымен 9,10,11- сынып оқушылары арасында «Жүйрік болсаң, озып көр» атты баскетбол ойынынан жарыс өтті.
Жарыс өз деңгейінде өтіп, өз-өзін жақсы ойынмен көрсете білген оқушылар арасынан іріктеу болып, аудан жарысына мектепшілік команда құрылды.
Шараның мақсаты — оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы жастар саясатын үйлестіру, дарынды жастарға қолдау көрсету. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және саламатты өмір салтын ұстану үшін аянбай еңбек ете бермекпіз.
А. ЕШМҰХАНБЕТОВА,
«Eskeldy Jastary», «Jas Otan», «Nur Otan» партиясы Бақтыбай БПҰ.