Нашақорлық – қоғамның өзекті мәселесі

Қазіргі таңда қоғам үшін аса өзекті және қауіпті мәселелердің бірі – нашақорлық пен есірткі бизнесінің кең таралуы. Бұл – тек қана медициналық емес, сонымен қатар әлеуметтік, құқықтық және адамгершілік тұрғысынан да күрделі мәселе. Нашақорлыққа қарсы күрес – мемлекетіміздің басты стратегиялық бағыттарының бірі.

Елімізде бұл дертке қарсы жан-жақты кешенді жұмыстар жүргізілуде. Есірткінің таралуына тосқауыл қою жұмыстары жүйелі түрде атқарылып келеді. Сонымен қатар, мемлекеттік және құқық қорғау органдары тарапынан есірткіге байланысты құқықбұзушылықтарды анықтау мен жолын кесу жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асырылуда.

Бұл мәселемен бүкіл қоғам жұмыла күресуі тиіс. Әсіресе, жастар арасында нашақорлықтың алдын алу шараларына баса назар аудару қажет. Бұл ретте білім беру мекемелерінде түсіндіру жұмыстары, арнайы семинарлар мен кездесулер, профилактикалық акциялар ұйымдастырылып жатыр. Балалар мен жасөспірімдерді спортқа, өнерге, ғылым мен білімге баулу – олардың бос уақытын тиімді өткізуіне, теріс әдеттерден алшақ болуына мүмкіндік береді.

Есірткі – келешекке балта шабатын зиянды зат. Жастарымыздың жарқын болашағы мен еліміздің тұрақты дамуы үшін бұл індетке мүлдем жол бермеуіміз қажет.

Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі