Қоғамдық келісімді қорғау: Алауыздықты қоздыру – заң бұзушылық

Қазақстан – көпұлтты, көпконфессиялы мемлекет. Ел Конституциясына сәйкес, барлық азаматтар нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, әлеуметтік немесе тектік тегіне қарамастан тең құқықтарға ие. Бұл қағидат елдің ішкі тұрақтылығы мен бейбіт өмір сүруінің негізі болып табылады. Алайда кей жағдайда қоғамда түрлі алауыздық тудыру әрекеттері байқалуы мүмкін. Бұл әсіресе әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік немесе діни себептерге байланысты болуы мүмкін.

Осындай әрекеттерге заң жүзінде тыйым салынған және олар үшін нақты жауапкершілік қарастырылған. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде мұндай құқық бұзушылыққа қатысты арнайы баптар бар.

ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабына сәйкес, әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру – ауыр қылмыс болып табылады. Аталған бапта былай делінген:

«Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, тектік-топтық немесе діни алауыздықты қоздыру мақсатында жасалған қасақана әрекеттер, соның ішінде осындай мазмұндағы ақпаратты жария түрде тарату – қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.»

Егер бұл әрекеттер бұқаралық ақпарат құралдары немесе интернет желісі арқылы жүзеге асырылса, жаза ауырлай түседі.

Алауыздық тудыру – тек бір адамға ғана емес, бүкіл қоғамға қауіп төндіретін әрекет. Мұндай жағдайлар:
• Этностар арасында араздыққа;
• Діни қақтығыстарға;
• Қоғамдық тұрақсыздыққа;
• Мемлекет ішіндегі бірлік пен келісімнің бұзылуына алып келуі мүмкін.

Қазақстан халқы Ассамблеясы мен басқа да қоғамдық институттар этносаралық және конфессияаралық татулықты нығайту бағытында үздіксіз жұмыс жүргізіп келеді. Алайда бұл істе әрбір азаматтың жауапкершілігі ерекше маңызды.

Жауапкершілік – әр азаматтың міндеті

Кез келген тұлға қоғамда татулық пен сыйластықты сақтау үшін жауапты. Әсіресе әлеуметтік желіде жазылған әрбір пікірдің салмағы бар екенін ұмытпаған жөн. Қоғамдық пікір қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының, блогерлердің, қоғам белсенділерінің рөлі зор. Сондықтан олардан ерекше жауапкершілік талап етіледі.

Қазақстанның болашағы – оның бірлігінде. Ұлтаралық және дінаралық татулық – халқымыздың ең басты жетістіктерінің бірі. Осы құндылықты сақтау – барша азаматтардың ортақ міндеті. Әлеуметтік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыруға жол бермеу – тек заң талабы ғана емес, азаматтық ар-ожданның да ісі.

Қ.Тастанбаев, аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы