Хабарландыру-аңдатпа

«БЖЗҚ» АҚ-да (БЖЗҚ) «Ашық есік күні»: ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер туралы айтамыз, БЖЗҚ-ның цифрлық қызметтерімен таныстырамыз

     Халық арасында жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмысы аясында 2024 жылғы 24 қыркүйекте «БЖЗҚ» АҚ «Ашық есік күнін» өткізеді. 

     Күннің басты тақырыбы — «ҚР Салық кодексіндегі біржолғы зейнетақы төлемдеріне салынатын салыққа қатысты өзгерістер. Цифрлық БЖЗҚ –салымшыларға ыңғайлы болу үшін».

     Алдағы іс-шара барысында Қор мамандары жаңа Салық кодексіндегі зейнетақы төлемдеріне қатысты негізгі өзгерістер, сондай-ақ БЖЗҚ-ның цифрлық форматта көрсететін қызметтері туралы айтып береді.

     Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні » 2025 жылдың 24 қыркүйегінде (10-00) онлайн-форматта өткізіледі.

     Іс-шараға қатысу үшін әрбір қатысушыға сілтеме бойынша өту қажет (https://enpf.webex.com/enpf/j.php?MTID=mb3d1b53ebe64edba735a4108c566ea60 ). Содан кейін event-кеңестің нөмірін (2518 749 6227) және event-кеңестің паролін (0000) енгізіңіз.

      «БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын (алушыларын) және барлық ниет білдірушілерді «Ашық есік күнінде» күтеді!