📚Жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде дәстүрлі түрде өткізілетін «Баланы мектепке дайындайық!» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы биыл да өз жалғасын тауып отыр. Бұл игі бастама білім мен мейірімділікке негізделген қоғам құруға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып саналады.
📕Ескелді ауданында да аталмыш акция аясында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға мектепке қажетті оқу құралдарын алып беруге бағытталған.
📖Акцияға алғашқылардың бірі болып атсалысқан «AMANAT» партиясының Ескелді аудандық филиалы да балалардың қуанышына ортақтаса білді. Аталған филиал төрағасының міндетін атқарушы Копбаева Салтанат Қабимолдақызы оқушыларға мектепке дайындықтарына өз септігін тигізді. Бұл қайырымдылық шарасы тек заттай көмекпен шектелмей, балаларға мотивация беріп, олардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған