🔷Қарабұлақ ауылында балалардың ойын алаңдарындағы қауіпсіздік шаралары назардан тыс қалмауда. 2025 жылғы тамыз айында «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы аясында Қарабұлақ ауылындағы балалар ойын алаңдарына арнайы мониторинг жүргізілді.
🔶Аталған шараға Ескелді аудандық мәслихатының төрағасы Сатанов Қанат Нүсіпжанұлы, аудандық мәслихат депутаты Құрманғалиев Айдын Талғатұлы, сондай-ақ Қарабұлақ ауылдық округі әкімінің орынбасары Серіков Қуаныш Ерланұлы қатысты.
🔹Мониторингтің негізгі мақсаты – ауыл аумағындағы балалар ойын және спорт алаңдарында орнатылған құрылғылардың техникалық жағдайын, олардың қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін тексеру. Сонымен қатар, балалардың ойын барысында жарақат алу қаупінің алдын алу үшін ойын жабдықтарының беріктігі мен санитарлық тазалығы да назарға алынды.
🔹Шара барысында бірнеше ойын алаңы араланып, спорттық снарядтар мен дене шынықтыруға арналған құрылғылардың жағдайы мұқият сарапталды. Қатысушылар алаңдардың қазіргі ахуалына қатысты бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтып, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тұстар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуі керектігін жеткізді.
◽Мониторинг қорытындысы бойынша анықталған мәселелер бойынша жергілікті атқарушы органдарға нақты ұсыныстар жолданып, алдағы уақытта оларды шешу бағытында жұмыстар жүргізілетін болады.