жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық және ауылдық автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурс өткізу туралы № 2 маршрут Қарабұлақ және Шымыр ауылдары, №3 маршрут Қарабұлақ және Абай, Орқұсақ, Жетісу, Екпінді және Сарымбет ауылдары, №4 маршрут Қарабұлақ – Байысов, Алдаберген, Жастар, Бақтыбай, Елтай, Өтенай.
Хабарландыру күні 19.08.2025 ж.
1. «Ескелді ауданы әкімінің аппараты» ММ жолаушылар мен багажды тұрақты қалалық (ауылдық) автомобильмен тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына конкурс өткізілетіні туралы хабарлайды. Конкурс 2025 жылдың 18 қыркүйек күні сағат 16:00-де Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі № 67, Ескелді ауданы әкімдігінің кіші мәжіліс залында өтеді.
2. Конкурсқа келесі маршруттар пакеттері (маршруты) қойылады:
№ 2 в c.Карабулак и Шымыр;
№ 3 Карабулак – Абай, Оркусак, Жетісу, Екпінді және Сырымбет;
№ 4 Карабулак – Байысов, Алдабергенова, Жастар, Бактыбай, Ельтай, Өтенай.
3. Конкурсқа меншік түріне қарамастан, меншігінде немесе өзге де заңды негізде 8 көлік құралы және 1 резервтік көлік бар жеке және заңды тұлғалар қатыса алады.
4. Конкурсқа қатысуға ниет білдірушілер Ескелді ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне жазбаша өтінішпен жүгініп, конкурс құжаттамасының жинағын ала алады. Мекенжайы: Қарабұлақ ауылы, Оразбеков көшесі №67, 7-кабинет.
5. Конкурс құжаттамаларын алу және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 4 қыркүйек сағат 12:00-ға дейін.
6. 2025 жылғы 22 тамызда сағат 11:00-де конкурстық Комиссия конкурсты өткiзу мәселелерi жөнiндегi конкурс алдындағы конференцияны өткiзедi
7. Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: 8 (778)-654-90-26.