Біз ғасырлар бойы әртүрлі этностардың бір шаңырақ астында бейбіт өмір сүруінің жарқын үлгісін көрсетіп келеміз. Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы және Мемлекет басшысы жүргізіп отырған жүйелі саясат – ұлтаралық келісім мен бірліктің берік тұғырына айналды.
Қоғамдағы татулық пен келісім – тұрақтылықтың негізі. Бүгінгі күні Қазақстанда 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп, ел дамуына бірлесе үлес қосып отыр. Өзара түсіністік пен құрметке негізделген қарым-қатынас – кез келген қоғамның дамуы үшін маңызды. Сондықтан біз ұлтаралық достықты сақтау мен нығайтуды ең басты басымдық ретінде көреміз.
Біздің міндетіміз – бейбітшілік пен келісім мәдениетін келер ұрпаққа аманат ету. Бұл үшін жастар арасында толеранттылық пен өзге ұлт мәдениеттеріне құрметті насихаттау аса маңызды. Қазақ тілі – осы достықтың діңгегіне айналуы тиіс. Мемлекеттік тілді білетін өзге ұлт өкілдері өздерін Қазақстан қоғамының толыққанды мүшесі ретінде сезініп, елге деген сүйіспеншілігін нақты іспен дәлелдеп жүр.
Ұлтаралық татулық – бізді біріктіретін күш. Әртүрлі ұлттар мен этностардың мәдениеті – біздің ортақ рухани байлығымыз. Біз әрдайым: «Бірлігіміз – жарасқан еліміз» деген қағиданы ұстанамыз. Бұл ұстаным – Қазақстанның алға жылжуына, бейбіт өмірдің сақталуына кепіл болады. Осы бағытта «Қоғамдық келісім» мекемесі этномәдени бірлестіктермен, зиялы қауыммен, жастармен және азаматтық қоғам өкілдерімен тығыз жұмыс жүргізіп келеді. Біз алдағы уақытта да бірлігімізді бекемдей түсіп, көпұлтты Қазақстанның тұтастығы жолында аянбай еңбек етеміз.
Ақболатов Еркебұлан Ешмұхамбетұлы, «Қоғамдық келісім» КММ-нің директоры, облыстық мәслихат депутаты
#МирИСогласие #ЗаМир #МыВместе #PeaceAndHarmony #PeaceForAll #TogetherForPeace