ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЗЕРДЕСІ АЙҚЫНДАЛДЫ

Өткен аптада «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстары арасында «Зерде» атты XV республикалық конкурсы өтті.
Аталмыш байқауға ауданнан Мелькомбинат негізгі орта мектебінің 4 «Б» сынып оқушылары Ульяна Кирясова және Артур Резников қатысты. Оқушылар «Влияние интернет–общения на формирование личности школьников» тақырыбы бойынша зерделеу жұмыстарын аудан, облыс көлемінде қорғап шығып, Щучинск қаласында өткен республикалық «Зерде» байқауына жолдама алған.
У.Кирясова және А.Резников аталған байқауға 2020 жылдың 28 қаңтар күні қатысып, ғылыми жобаны сәтті қорғады. Нәтижесінде І дәрежелі дипломдармен марапатталды.
С. БЕГЕНОВА,
Ескелді ауданы білім бөлімінің баспасөз хатшысы.