Ескелді ауданында мемлекеттік қызметтер бойынша  түсіндірме кездесу өтті

2025 жылдың 14 маусымы күні және 19 маусымы күні Ескелді ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің ойын залында және бокс залында кездесу өтті. Іс-шара барысында спортшыларға мемлекеттік қызмет түрлері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

  Кездесу барысында мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, оның ішінде электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін қызметтер кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, спорт саласындағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпарат берілді.

   Аталған кездесуге аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары мен оқушылары қатысты. Шараның мақсаты — жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз ету.