Ескелді ауданы бойынша «Таза Қазақстан» Экологиялық акция шеңберінде атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат

Елімізде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы жалғасын табуда. Экологиялық науқанның бірінші аптасы – «Таза өлке» апталығы. Ескелді ауданында «Таза Қазақстан» желілік кестесі бекітілді. Желілік кестеге сәйкес «Таза өлке» апталығы аясында аудан тұрғындары, қоғам белсенділері, мекеме қызметкерлері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері  іргелес және үй маңындағы аумақтарды, саябақтарды тазалауға, аббаттандыруға, көгалдандыруға, ағаштарды күту, көшеттер егу жұмыстарына белсенді қатысуда.

«Киелі мекен» апталығы аясында мәдени ескерткіштерді абаттандыру жұмыстары атқарылды, атап айтқанда: Төлеңгіт ауылдық округінде «Ардагерлер» ескерткіші, Алдабергенов ауылында «Н.Алдабергенов» атындағы мемориалдық музей, Қарабұлақ ауылында «Ұлы Отан соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіштері», Қарабұлақ ауылында «1-2 саябақтары», Ақын Сара ауылындағы «Акын Сара кесенесі», «Қапал Батыр ескерткіші», Алдабергенов аулында «Батырлар аллеясы», Шымыр аулында «Құғын-сүргін құрбандарына мен ардагерлеріне арналған паркі», Өтенай аулында «Бақтыбай Жолбарысұлының кесенесі».

«Жасыл аймақ» апталығы аясында көшеттер егу, санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды, атап айтқанда: Қарабұлақ аулының жолындағы стелланың аумағы, Қарабұлақ ауылын аймағында жапырақты көшеттер отырғызылды, Алдаберген ауылының «Ұлы Отан Соғыс ардагерлері» паркінің аумағы, Бақтыбай ауылының білім беру мекемесінің аумақтары, Қаратал өзенінің аумағы, Алдаберген ауылының орталық мәдениет үйінің аумағы, Ескелді ауданының әкімдігінің ғимарат аумағы. 

«Таза жағалау» апталығы аясында аудан аумағында өтіп жаткан өзен бойлары, бұлақтар, су өткізгіш құбырлары, арық желілері санитарлық тазалау жұмыстары атқарылды, атап айтканда: Қаратал, Құсак, Көксу өзендерінің жағалаулары тазаланды, Көкжазык, Қарабұлақ ауылдарында бұлақ көздері тазаланды, аудан өңірінде орналасқан су өткізгіш құбырлары, арық желілері тазаланды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында 26 сәуір күні Ескелді ауданы бойынша сенбілік өткізілді. Аталған сенбілік аясында 2300 адам қатысып, 5350 астам гүл түптері отырғызылды, 1000 ағаштар ағартылды, 23 дана арнайы техника жұмылдырылды, 230 тн қоқыс шығарылды, 80000 м2 астам аумақ, 6 км арықтар тазаланды.

Ескелді ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы барысында 8 800 адам қатысып, 67 дана  арнайы техника жұмылдырылды, нәтижесінде 950 тн қоқыс шығарылды, 6 290 астам көшет отырғызылды (оның ішінде 500 ағаш қылқан жапырақты), 300000м2 астам аумақ тазартылды, 1950 астам ағаштар түбі әктелді, 82 км астам каналдар мен арықтар тазаланды.