🎯 Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы отбасы институтын нығайтуға, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттауға, Қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттауға бағытталған.
👤 Конкурсқа мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) Жетісу облысының отбасылары қатыса алады.
📥 Толық ақпаратты аудандық, қалалық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімдерінен алуға болады.